«Астана» велокомандасын А.Винокуров басқармақ - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» велокомандасын А.Винокуров басқармақ

«Астана» велокомандасын А.Винокуров басқармақ

Қазақстанның белгілі велошабандозы Александр Винокуров алдағы уақытта «Астана» командасын басқаратын болады.

  • 21 Қыркүйек 2011
  • 395
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында журналистерге сұхбат берген Александр Винокуров атап көрсеткендей, күні кеше ғана ол Қазақстанның велоспорт федерациясының басшысы Қайрат Келімбетовпен кездескен. Сол кезде Қ.Келімбетов «Астана» командасының басшылығына А.Винокуровтың келуін қалайтындығын білдірді. «Федерация басшылығы бұл мәселені бұған дейін де көтерген болатын», — дейді А.Винокуров.

Бүгінгі жалпы ұпай саны жағынан А.Винокуров «Астана» командасының көшбасшысы болып саналады. Алдағы уақытта ол «Астана» командасының тізгінін өз қолына алса, командасының спорт директоры Дмитрий Седун «Астана-2» жастар командасына жетекшілік ететін болады.

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров «Тур де Франс» жарысында алған жарақатына қарамастан, Италияның «Ломбардия турына» қатысатындығын мәлімдеді.

«Әрине, «тур де Франста» алған жарақатымды ескеретін болсақ, «Ломбардия турына» қатыспау туралы мәселе көтерілген. Бұл мәселе әлі де өз күшін жойған жоқ. Жарыстың басталуына бір апта қалған кезде мен, ең бірінші, өз дайындығымды байқап көремін. Әрине, ол жарыста жеңіс туралы сөз қозғаудың қажеті жоқ. Біз оның бәрін түсінеміз», — дейді А.Винокуров.

Естеріңізде болса, А.Винокуров «Тур де Франстың» тоғызыншы кезеңінде құлап, оң жақ жаңбасын сындырып алған болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера