Ауыр атлетикадан әйелдер арасында Алматы облысы бейресми командалық есепте 1-орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыр атлетикадан әйелдер арасында Алматы облысы бейресми командалық есепте 1-орын алды

Ауыр атлетикадан әйелдер арасында Алматы облысы бейресми командалық есепте 1-орын алды

Талдықорғанда қыркүйектің 16-21 күндері ауыр атлетикадан әйелдер мен ерлер арасында ІІІ ҚР Жазғы спартакиадасы өтті.

  • 22 Қыркүйек 2011
  • 535
Фото - Caravan.kz

Жастар спорт сарайында болған дүбірлі додада әйелдер — 48, 53, 58, 63, 75 және 75 келіден жоғары салмақта күш сынасқан болатын. Жарыс қорытындысында 48 келіде Алматы облысынан Маргарита Елисееева (171 кг), Қарағанды облысынан Галина Мамотова (167 кг), Ақтөбе облысынан Ақмарал Үркешбаева (137 кг), 53 келі салмақта Алматы облысынан Алина Филиминова (178 кг), Оңтүстік Қазақстан облысынан Гүлсара Төлегенова (157 кг), Қарағанды облысынан Анастасия Малеева (140 кг). 58 келіде Алматы облысынан Зульфия Чиншанло (232 кг), Қостанай облысынан Сәуле Сәдуақасова (182 кг), Шығыс Қазақстан облысынан Мәдина Тәшкенбаева (172 кг), 63 келіде Алматы облысынан Карина Горичева (239 кг), Ақмола облысынан Фаина Сиванбаева (192 кг), Қостанай облысынан Валерия Яблонская (173 кг), 69 келіде Алматы облысынан Мая Манеза (244 кг), Ақмола облысынан Ирина Некрасова (244 кг), Оңтүстік Қазақстан облысынан Жазира Жаппарқұлова (240 кг), 75 келіде Ақмола облысынан Анна Нұрмұхамбетова (260 кг), Анастасия Швабауэр (215 кг), Шығыс Қазақстан облысынан Виктория Вагнер (195 кг) жүлделі орындарды еншіледі. Ал 75 келіден жоғары салмақта Алматы облысының атлеті Светлана Подобедова (297 кг) мен оңтүстікқазақстандық Александра Аборневаның (245 кг) мерейі үстем болды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера