Қазақстандық боксшылар Баку қаласындағы әлем чемпионатында 9 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық боксшылар Баку қаласындағы әлем чемпионатында 9 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді

Қазақстандық боксшылар Баку қаласындағы әлем чемпионатында 9 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді

Қазақстандық боксшылар Баку қаласындағы (Әзербайжан) әлем чемпионатында 9 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды бокс федерациясы.

  • 22 Қыркүйек 2011
  • 460
Фото - Caravan.kz

«23 қырқүйекте ҚР ұлттық құрама командасының мүшелері (ҰҚК) Бакуға ұшады, онда олар 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына жолдамалардың негізгі кешені сарапқа салынатын бокстан әлем чемпионатына қатысады», — делінген бейсенбі күні таратылған ақпаратта.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, әлем чемпионатына қатысу үшін команданың құрамы бокстан ҚР ҰҚК жаттықтырушылар кеңесінің шешімімен анықталды.

Қазақстандық спортшылар тоғыз салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді: 49 кг — Біржан Жақыпов (ОҚО), 52 кг — Олжас Сәттібаев (Тараз), 60 кг — Ғани Жайлауов (Тараз), 64 кг — Данияр Елеусінов (Астана), 69 кг — Серік Сәпиев (Қарағанды), 75 кг — Данабек Сужанов (ШҚО), 81 кг — Әділбек Ниязымбетов (Ақтау), 91 кг-Василий Левит (Астана), + 91 кг — Иван Дычко (Қостанай).

«Спортшыларымыздың 10 салмақ дәрежесінің 9-ына қатысуы Қанат Әбутәліповтың (56 кг) биыл мамырда Гуянг қаласында (Қытай) Дүниежүзілік бокс сериясының жеке біріншілігінің чемпионы атанып, Олимпиада ойындарына жолдама алғанына байланысты.

ҚР ҰҚК бас жаттықтырушысы — М. Айтжанов.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера