Волейболдан ерлер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтар екінші кезеңді сәтті өткізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан ерлер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтар екінші кезеңді сәтті өткізуде

Волейболдан ерлер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтар екінші кезеңді сәтті өткізуде

Волейболдан Тегеранда өтіп жатқан ерлер командалары арасындағы XVI Азия чемпионатының екінші кезеңінде Геннадий Паршиннің шәкірттері екінші жеңісіне қол жеткізді.

  • 27 Қыркүйек 2011
  • 435
Фото - Caravan.kz


Кеше олар Тайпей құрамасын 3:0 (25-17, 25-15, 25-22) есебімен ойсырата ұтты. Бұған дейін олар Ауғанстан волейболшыларын да 3:0 (25-14, 25-13, 25-9) жеңген болатын. Қазақстандықтар бүгін енді Катар спортшыларымен кездесетін болады. Олар алғашқы ойында өзбекстандықтарды 3:0 есебімен жеңгенімен, кеше индонезиялықтардан 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Қазіргі таңда қазақстандықтар өнер көрсетіп жатқан 9-16 орындарға таласатын командалар арасында Қазақстан, Тайланд және Индонезия құрамалары ғана жеңіліссіз келе жатыр. Ал 1-8 орындарды сарапқа салушылар арасында Австралия. Иран, Оңтүстік Корея мен Үндістан спортшылары қарсыластарын 2 ойында да қапы қалдырып үлгерді. Бүгін екінші кезеңнің соңғы ойындарын өткізген соң, жартылай сынға шыққан командалар белгілі болады. Ал жеңімпаздар 29-қыркүйектегі ақтық ойында анықталады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера