Қазақстандық спортшы Олжас Сүлейменов мароккандық Абдельфаттах Нафильмен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің алғашқы раунды бірін-бірі байқау түрінде сылбыр басталғанымен, екінші минуттан кейін Олжас белсенді қимылға көшіп, раундтың соңына қарай соққыны үдетті, алайда мароккандық жақсы қорғана біледі. Сөйтіп алғашқы раунды 1:0 есебімен Олжастың аз ғана басымдығымен аяқталды. Екінші раундта боксшылар алма-кезек шабуылға шықты. Бұл жолғы есеп 6:4 болып, айырмашылық ұлғая түсті. Соңғы раундта біздің боксшымыз қол жеткен табыстарын еселей түсіп, жалпы есеп 14:7 болып, ойын Олжастың жеңісімен аяқталды.
Бүгін 81 келі салмақтағы Әділбек Ниязымбетов молдовалық боксшы Владимир Челеспен сынға түседі.