«Қарағандыда ҚР шахмат федерациясының кезектен тыс съезі өтті. Федерацияның съезд өткізбегеніне көп болды. Басқарманың құрылымы мен атқарушы комитеттің мүшелері бекітілді. Федерация президенті Әсет Исекешевтің тапсырмасы бойынша, республикада шахматты дамытудың ұзақ мерзімді жоспарын қабылдау комиссиясы құрылды», — деді Е. Әлімов жұма күні.
Оның айтуынша, сондай-ақ, шахмат ойынына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету бағдарламасы жасалды.
«Қазақстанда шахмат ойынының дәстүрі бар. Біз өз чемпиондарымызды мақтан етеміз. Алайда бұл көбінесе бұрынғы жүйенің жетістігі, ол инерция бойынша жұмыс істеп, нәтиже көрсетіп келді. Шахматты сүйетін энтузиастарға да алғыс білдіруіміз керек», — деді Е. Әлімов.
Қазақстанда шахматты кеңінен насихаттау жұмысы қолға алынды, дейді ол. «Жаттықтырушылар кеңесінің теңдестірілген жаңа құрамы бекітілді. Оған беделді тұлғалар енді. Өз кезегінде, оларға біздің көмегіміз керек», — деді федерацияның атқарушы директоры.
Жақында халықаралық гроссмейстер Серікбай Темірбаев шахматтан мемлекеттік тренер болды, деп еске салды ол.
«Алға қозғалыс бар. Елімізде шахматтың дамуына серпін беру қолымыздан келеді деп үміттенеміз. Бізде дарындар бар. Оларды қолдау үшін бөлек бағыт қарастырылған. Болашағынан үміт күттіретін шахматшылардың қатысуымен турнирлер, оқуты-жаттықтыру жиындарын өткізу жоспарланған», — деді съезге қатысқан халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов.
Қарағандыда ҚР-дың жедел шахматтан командалық чемпионаты аяқталды. Қазақ жазушысы мен ақыны С. Сейфуллинді еске алуға арналған дәстүрлі турнирге 10 облыстың өкілдері қатысты. 1-ші орынды Павлодар облысының командасы иеленді. 2-ші орын қарағандылықтарға бұйырды. 3-ші орынды Астана құрамасы қанағат тұтты.