Қазақстанның жастар құрамасы Францияда 2013 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турындағы 4-матчын өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның жастар құрамасы Францияда 2013 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турындағы 4-матчын өткізеді

Қазақстанның жастар құрамасы Францияда 2013 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турындағы 4-матчын өткізеді

Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 7 қазан күні Францияның Клермон-Ферран қаласында 2013 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турындағы кезекті матчын өткізеді.

  • 4 Қазан 2011
  • 427
Фото - Caravan.kz

Слободан Крчмаревич жаттықтыратын қазақстандықтардың қоржынында 3 кездесуден кейін 2 ұпай бар. Соңғы оқу-жаттығу жиынына бас бапкер 24 футболшыны шақырған болатын. Францияға олардың 21-ін іріктеп апармақ. Олар бұған дейін Румыниямен 3-ші маусымда сырта алаңда 0:0, 2-қыркүйекте өз алаңында 1:1 есебімен тең түсті. Тек 6-шы қыркүйекте өз алаңындағы алғашқы сында Словакия аяқдопшыларына 0:1 есебімен есе жіберді.

Жалпы турнир қорытындысы бойынша қазір 2 ойынан кейін 6 ұпаймен словак аяқдопшылары көш бастап келе жатыр. 3 ойында 5 ұпай жинаған румындар екінші, ал алғашқы кездесуде 3 ұпай олжалаған француздар үшінші орында тұр. Бұған дейін үш-үштен ойын өткізген Қазақстан 2 ұпаймен төртінші, ал қоржынында бірде-бір ұпай жоқ Латвия соңғы 5-орында келе жатыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера