Бокстан әлем чемпионатында 4 қазақстандық боксшы жартылай финалға шығып, И.Дычко бесінші олимпиада жолдамасына ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан әлем чемпионатында 4 қазақстандық боксшы жартылай финалға шығып, И.Дычко бесінші олимпиада жолдамасына ие болды

Бокстан әлем чемпионатында 4 қазақстандық боксшы жартылай финалға шығып, И.Дычко бесінші олимпиада жолдамасына ие болды

5 қазан күні Қазақстан боксшылары Әділбек Ниязымбетов, Ғани Жайлауов, Серік Сәпиев пен Иван Дычко өз қарсыластарынан басым түсіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

  • 6 Қазан 2011
  • 603
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар Иван Дычко осы чемпионатта бесінші олимпиада жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.Адильбек Ниязымбетов

Ал Данабек Сужанов пен Василий Левит өкінішке орай жарыстан шығып қалды.

Әділбек Ниязымбетов қытайлық спортшы, былтырғы Азия ойындарының жүлдегері Мен Фанлонгпен кездесіп, қарсыласынан басым түсті. Енді жартылай финалда Әділбек Ниязымбетов өзбек боксшысы Ельшод Расуловпен қолғап түйістіреді.

Гани Жайлауов Жартылай финалға шыққан тағы бір жерлесіміз Ғани Жайлауов 11:10 есебімен қарсыласынан басым түсті.

Серик Сапиев Ал команда капитаны Серік Сәпиев АҚШ босшысы Эррол Спенспен шаршы алаңға шықты. Серік Сәпиев 20:10 есебімен абыройлы жеңіске қол жеткізді. Енді ол литвалық спортшымен күш сынасады.

Әлем чемпионатында жарылай финалға шыққан тағы бір отандасымыз Иван Дычко өткен жылы жастар арасында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы, хорватиялық бокшысы Филипп Хрговичпен кездесіп, 20:16 есебімен алға шықты.

Әлем чемпионатының жартылай финалы 7 қазан күні өтеді, ал бүгін, 6 қазан — чемпионатта демалыс күні болып есептеледі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера