Қуаныш Сайманұлы Ливандағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қуаныш Сайманұлы Ливандағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қуаныш Сайманұлы Ливандағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Атыраулық дзюдошы Ливандағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

  • 6 Қазан 2011
  • 804
Фото - Caravan.kz

«Олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі 19 жасар Қуаныш Сайманұлы жастар арасында дзюдодан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды», — деп мәлім етті Қуаныштың жеке жаттықтырушысы Жандос Қиянов.

Оның айтуынша, спортшы чемпионатта үш жекпе-жек өткізді. Біріншісінде сириялық палуанды, екіншісінде ирандықты жеңді. Ал үшінші кездесуде Өзбекстан өкіліне дес берді.

Қуаныш Сайманұлы — жастар арасында Қазақстан чемпионы, ҚР чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, Үндістанда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының жүлдегері, Якутиядағы «Азия балалары» Ойындарының қола жүлдегері, Германиядағы «Бремен мастерс» халықаралық турнирінің чемпионы.