Волейбол: жетісулықтар мен астаналықтар ғана жеңіліссіз келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейбол:  жетісулықтар мен астаналықтар ғана жеңіліссіз келе жатыр

Волейбол: жетісулықтар мен астаналықтар ғана жеңіліссіз келе жатыр

Волейболдан Павлодарда өтіп жатқан әйелдер арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындарында бүгін жеңіліссіз келе жатқан «Астана» мен «Жетісу» командалары өзара күш сынасады.

  • 7 Қазан 2011
  • 509
Фото - Caravan.kz

Алғашқы 3 күннің қорытындысы бойынша қазір Астана қаласының волейболшылары көш бастап келе жатыр. Олар Өскемен («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс), Алматы («Алматы») және Теміртау («Металлург АМТ») қалаларының командаларын 3:0 есебмен ойсырата ұтты. Жетісулықтар Қарағанды («Қарағанды») мен Орал («Грация-KZ») қалаларының волейболшыларынан 3:0, ал Павлодар облысының «Ертіс-Қазхромынан» 3:2 есебімен басым түсті. Бүгін енді «Астана» мен «Жетісудің» сайысынан бөлек, Өскемен мен Теміртау, Орал мен Алматы, Павлодар мен Қарағанды командаларының да ойыны өтеді. Ал ертең олар бір күн тынығып, 8-11 қазанда жарысты қайта жалғастыратын болады.