Қазақстан мен Бельгия арасындағы футбол 1:4 есебімен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Бельгия арасындағы футбол 1:4 есебімен аяқталды

Қазақстан мен Бельгия арасындағы футбол 1:4 есебімен аяқталды

Жұма күні Брюссельдегі «Король Болдуин» стадионында Қазақстан мен Бельгия құрамалары EURO-2012 - Еуропа чемпионатының іріктеу сатысы аясында футбол матчын өткізді.

  • 8 Қазан 2011
  • 492
Фото - Caravan.kz

Ойын қорытындысы көңіл толтырарлық емес, еліміздің аяқ доп шеберлері 1:4 есебімен жеңіліс тапты.

Ойынның алғашқы қырық минутында Қазақстан құрамасы өз шебінде қорғанысты күшейтіп, қарсыластарының шабуылына қарсы қимылға тырысты.

Ойынның бірінші таймы 2:0 есебімен Бельгия пайдасына шешілді.

Матчтың 86-шы минутында Қайрат Нұрдәулетовтің он бір метрден тепкен добы Қазақстан құрамасының ойындағы жалғыз ұпайына айналды. Ойын қорытындысы 1:4 есебімен жеңіс Бельгия командасына бұйырды.

Мирослав-Беранек Ойыннан кейінгі дәстүрлі баспасөз мәслихатында фуктболдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мирослав Беранек: «екі команданың да ойнау дәрежесі жоғары болды. Бельгия абыройлы жеңіске жетті. Қарсыластарымыз толық құрамда және өте жақсы деңгейде ойын көрсетті. Олардың ойыншаларының доп тебу шеберлігі біздің спортшыларға қарағанда мүлдем басқа деңгейде. Бұны айта кету керек. Сонымен қатар біз қазір Австрия құрамасымен болатын жарысқа дайындалудамыз. Және де осы ойында алғаш алаңға шыққан спортшыларымыз болды. Сондықтан матч өте ауыр болды және де қарсыласымыз да осал болмады», — деп атап өтті.

Енді біздің құрама 11 қазан күні Австрия спортшылпарымен кездеседі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера