Қазақстандық боксшылар Бакуда өткен әлем чемпионатынан 2 күміс және 2 қола медальмен оралады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық боксшылар Бакуда өткен әлем чемпионатынан 2 күміс және 2 қола медальмен оралады

Қазақстандық боксшылар Бакуда өткен әлем чемпионатынан 2 күміс және 2 қола медальмен оралады

Қазақстандық боксшылар Бакуда өткен әлем чемпионатынан 2 күміс және 2 қола медальмен оралады, деп хабарлайды Қазақстанның бокс федерациясы (ҚБФ).

  • 10 Қазан 2011
  • 627
Фото - Caravan.kz

«Бұл чемпионатта біздің құрама төрт медаль жеңіп алды: Серік Сәпиев (69 кг) пен Әділбек Ниязымбетов (81 кг) күміс, Ғани Жайлауов (60 кг) пен Иван Дычко (91 кг-дан аса) қола алды», — делінген федерацияның ресми сайтындағы ақпаратта.

ҚБФ ақпаратына сәйкес, ұлттық құрама Лондонда өтетін олимпиадаға 5 лицензия жеңіп алды. Медалистерден басқа Данабек Сужанов (75 кг)та олимпиадаға жолдама алды.

Еске сала кетейік, мұның алдында 2011 жылдың мамырында Қанат Әбутәліпов (54 кг) Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) чемпионы атанып, олимпиадаға жолдамаға қол жеткізген.

Әлем чемпионатындағы командалық есепте бірінші орынға Украина (4-1-0), екінші орынға кубалықтар (2-1-0), үшінші орынға әзербайжандықтар (1-1-0) ие болды.

Бокстан 16-шы әлем чемпионаты Баку (Әзербайжан) қаласында 2011 жылдың 22 қырқүйегі мен 10 қазаны аралығында өтті.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера