Волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары

Волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары

11 қазанда Павлодарда волейболдан әйелдер арасында өтіп жатқан Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары аяқталады.

  • 10 Қазан 2011
  • 396
Фото - Caravan.kz

Қазіргі таңда турнир кестесінде Алматы облысының «Жетісу» командасы көш бастап келе жатыр.

4 қазанда басталған бұл байрақты бәсекеде оларға Павлодар облысының «Ертіс-Қазхромы» ғана айтарлықтай қарсылық көрсетті. Оларды 3:2 есебімен ұтқан жетісулықтар өзге 4 кездесуде қарсыластарына бірде-бір ұпай ұстатқан жоқ. Шілденің 7-сіне дейін турнир кестесінде көш бастап келген астаналықтар да лайықты қарсылас бола алмады.

Жетісулықтар бұған дейін Оралдың «Грация-KZ», «Қарағандының «Қарағанды», Теміртаудың «Металлург АМТ», Астананың «Астанасын» 3:0, Павлодардың «Ертіс Қазхромын» 3:2 етіп ұтқан болатын. Бүгін олар Алматының «Алматы»командасымен, ал ертең Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» волейболшыларымен шеберлік сынасады. Қарағандылықтарға 1:3, астаналықтарға 0:3 есебімен есе жіберген алматылықтар кеше өскемендіктерді (3:0) ойсырата ұтқан еді. Барлық кездесуде жеңіліс тапқан өсемендіктердің қоржынында қазір бірде-бір ұпай жоқ.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера