«Еуропалық күшті қарсыласпен 0:0 есебімен тең аяқталған ойынға Мирослав Беранек пен оның командасы дән риза болды», — делінген ҚФФ ресми сайтында жарияланған хабарда. ҚФФ хабарлауынша, «А» тобында мезгілінен бұрын жеңімпаз атанған Германия командасы болды, екінші жолда Түркия командасы тұр.
Квалификациялық турнир қорытындысында Қазақстан төрт ұпаймен топтағы соңғы алтыншы орынды алды.