Марат Оспановты еске алу құрметіне футбол турнирі өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Марат Оспановты еске алу құрметіне футбол турнирі өткізіледі

Марат Оспановты еске алу құрметіне футбол турнирі өткізіледі

Қазанның 12-сі күні астаналық «Алатау» спорт кешенінде шағын футболдан жарыс басталады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

  • 12 Қазан 2011
  • 507
Фото - Caravan.kz

Үшінші рет өткізіліп тұрған бұл футбол турнирі ҚР Парламенті Мәжілісінің бірінші шақырылымының төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-экономист Марат Тұрдыбекұлы Оспановты еске алуға арналған.

Осы дәстүрлі доп додасына Парламент, «Нұр-Отан» партиясы, Сыртқы істер министрлігі және «Хабар» агенттігі, Оспановтар отбасы, Ресей Федерациясы мен Сауд Арабиясының елшіліктері, сондай-ақ Араб елдері елшіліктерінің біріккен командалары қатысуға ұсыныс білдіріп отыр.

Жарыс жеңімпаздары 14 қазан күні анықталады.