Батысқазақстандық балуан Н.Қайырманов ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық балуан Н.Қайырманов ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Батысқазақстандық балуан Н.Қайырманов ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Батысқазақстандық балуан, грек-рим күресінің шебері Нариман Қайырманов Польшаның Рацибуж қаласында өткен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатынан 35-40 жас аралығындағылар ішінен үздіктер қатарына ілігіп, күміс жүлдені еншіледі.

  • 13 Қазан 2011
  • 484
Фото - Caravan.kz

Аталмыш жарыста Нариман Норвегия, Швеция елінің балуандарын жеңіп, тек украиндық В.Васильевтен 2:3 есебімен жеңілген. «Алдағы жылы осындай жарыс Венгрияның Будапешт қаласында өтеді. Сонда қарымта қайтарып, жеңіске жетсем бе деймін», дейді Н.Қайырманов.

1972 жылы дүниеге келіп, 63 келі салмақта күрескен Нариман — кезінде екі мәрте ел чемпионы, одақтық, халықаралық додаларда жүлдегер атанған балуан.