«Сот ұзаққа созылады деп ойламаймын. Бәрі куәгерлерден жауап қалай алынатынына байланысты. Жыл соңына дейін қарап боламыз деп ойлаймын. Ең көп дегенде қаңтардың басына дейін», – деді ол сәрсенбі күні ҚазТАГ-қа сот амалының 2-ші отырысынан кейін.
А.Кирияк сотталушылар Қадыр Қадыров пен Долкун Маметов қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпталып отырғанын айтты.
«Олардың бәрі топтың мүшелері болған. Бәрі қару-жарақты заңсыз сатып алу, сақтау және алып жүру болған. Оларда шолақ қару, тапаншалар, автоматтар мен гранаталар болған… Кадыровтың мойнында 6 адамның өмірі, полиция қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсету бар», – деді қалалық прокуратураның өкілі.
Сонымен қатар, ол аталған процестің фигуранттары мен жақында елде болған терактілердің арасында байланыс бар ма деген сұраққа жауап беруден бас тартты.
«Түсініктеме жоқ. Мен тергеуші емеспін, мен – мемлекеттік айыптаушымын», – деді ол.
Мұның алдында хабарланғандай, дүйсенбі күні Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (ҚІМАС) 2011 жылдың сәуірінде Алматыда пәтерді шабуылмен алу кезінде ҚР «Сұңқар» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерін жарақаттап, кісі өлтірген деп айыпталған ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қарала бастады.
ҰҚТ-ның 4 мүшесінің екеуі – Қадыров пен Маметов сотқа тартылып жатыр, топтың қалған мүшелері Ишімбетов пен Ниязовқа (ұстау кезінде қаза тапқан – ҚазТАГ) қатысты іс олардың өліміне байланысты тоқтатылды.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, тергеу барысында қылмыстық істің фигуранттары Рузембай Ишімбетов, Қадыр Қадыров, Долкун Маметов және Абдулмансур Ниязовтардың ҰҚТ құруға, 5 кісіні өлтіруге, 2 кісіні өлтіруге қастандық жасауға, қару-жарақты заңсыз сақтауға және бопсалауға қатыстылығы дәлелденді.
Зардап шеккендердің арасында өлтіру мен бопсалау әрекеттері қолданылған 6 адам, қылмыскерлер тұрған пәтерді шабуылмен басып алу кезінде жараланған арнайы жасақтың 11 жауынгері бар, деп хабарлайды құқық қорғау органдары.
ҰҚТ мүшелері 2008 жылдың желтоқсанында Жетісу АІІБ учаскелік полиция пунктінің кабинетінде учаскелік инспектор Қасымовты өлтірген, 2009 жылдың ақпанында кәсіпкерді өлтірген, 18 ақпанда белгілі емші Александр Бодровты өлтірген, 2011 жылдың 30 наурызында «Қалқаман» ықшам ауданында екі кісіні өлтірген.
2011 жылдың 4 сәуірінде ІІМ-нің арнайы жасағы Алматының 3-ші ықшам ауданындағы пәтерді шабуылмен басып алу кезінде арнайы бөлімшенің 11 жауынгері жараланған.
ҰҚТ-ның 3 мүшесінің ҰҚТ серкесі Р.Ишімбетов пен А.Ниязов өлтірілді. Топтың үшінші мүшесі Қ.Кадыров тірідей ұсталды.
Арнайы операциядан кейін бірнеше күн өткен соң тергеушілер ҰҚТ жасаған қылмыстарға қатысқан күдікті Долкун Маметовты ұстады.
Сот процесі судья Изольда Видің төрағалық етуімен ашық режимде өтіп жатыр.