Танымал қазақ журналисі өмірден өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.55
  • 540.38
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танымал қазақ журналисі өмірден өтті

Танымал қазақ журналисі өмірден өтті

Танымал қазақ радио журналисі өмірден өтті.

  • 30 Сәуiр
  • 9
Фото: Facebook/Қазақ Радиосы

Қазақ радиосы суыт хабар жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы «Қазақ радиосы» ұжымы хабарлады.

«Саналы ғұмырын радиоға арнаған Серғазы Тұрсынбаев өмірден озды.

Серғазы Тұрсынбаев – 1954 жылы Алматыда туған. Москвадағы Гнесиндер атындағы музыкалық-педагогикалық институтты бітірген. Еңбек жолын 1977 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры оркестрінде бастайды. 1979 жылы Қазақ радиосына орналасып, ұзақ жылдар музыкалық бөлімде еңбек етті. Редактордан бастап бас редакторға дейін көтеріліп, жетекшілік қызметтер атқарды. 2017 жылы зейнетке шықты. «Қазақ радиолары» ЖШС ұжымы марқұмның жақындарына көңіл айтады», — деп жазылған хабарламада.