"Спорттағы аз ақшамен Бибісараны асырай бергенді қою керек": Танымал журналист Асаубаеваның бар былығын әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.55
  • 540.38
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Спорттағы аз ақшамен Бибісараны асырай бергенді қою керек": Танымал журналист Асаубаеваның бар былығын әшкереледі

"Спорттағы аз ақшамен Бибісараны асырай бергенді қою керек": Танымал журналист Асаубаеваның бар былығын әшкереледі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. "Қазір бәрі Бибісара Асаубаеваның ақшасы

  • 30 Сәуiр
  • 13
Фото: Facebook/Ақырыс Сейтқазы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

«Қазір бәрі Бибісара Асаубаеваның ақшасын санап жатыр ғой. Меніңше, бір ғана спортшы үшін бұл қаражат тым көп! Бірақ анасы өмірі айғай-шу шығарып, көңілі толмай, қай сұхбатында да қызын әсіре мақтап, ақша сұрайды да жүреді. Сол ақшаны там-тұмдап күн көріп жүрген олимпиадалық спорт түрлеріне берсін одан да. Шахмат олимпиадалық спорт түрі емес.

Еліміздің спорттағы әлеуетін көрсететін Олимпиада сынды кешенді жарыстарда шахмат жоқ. Сондықтан, спорттағы аз ақшамен Бибісараны асырай бергенді қою керек! Бибісара Асаубаеваның шахматтағы жетістіктері қазақ спортына қандай басымдық әкеліп жатыр? Маған сол қызық.

Иә, шахматтан танылып жүрген қазақ қыздарының еңбегін жоққа шығармаймын. Бірақ бірауыз қазақша білмейтін, бір-бірін жақтырмай, елдің алдында да, шымылдық сыртында да бір-бірін жамандаудан алдында жан салмайтын шахматшы қыздарға көңілім дым жылымайды екен.

Осы Бибісараның анасы өзі араласып жүріп қызына «Еңбек сіңірген спорт шебері» деген атақты алып берді деп естігем. Сөйтсе, менің қызым одан кем емес деп, тағы бір шахматшы қыздың анасы айғай шығарып, осы атақты алыпты. Ақша мен атақ үшін жанталасып жүрген шахматшы қыздардан гөрі залда сағаттап тер төгіп, жарақатпен арпалысып, қазақтың туын қайтсем көтерем деп жүрген Жәмила Бақбергенова, Алуа Балқыбековалар мен үшін әсте жоғары.

Одан қалса, Бибісара Турловтан бөлек, Спорт қорынан да қыруар қаражат алады деген ақпар бар. Аз ақша емес. Сондықтан, ел алдына шығып, ақша сұрай бергенді қоялық. Шахмат ойнағаны міндет болып кетті ғой, тура…», — деп жазды ол.