Олар алғашқы 3 кездесуде «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» пен Хромтаудың «ТНК «Қазхром» командаларын 3:0, ал Оралдың «Конденсатын» 31 есебімен ұтып, ұпай қорын барынша ұлғайтуға қол жеткізді. Ертең енді барлық спортшылар жарысты қайта жалғастырады. Соңғы 2 кездесуін алматылықтар «Атырау» мен «Есіл» (Қызылжар) командаларымен өткізеді. Бұған дейін 4-9 қараша күні Алматыда өткен 1-турда олар қос қарсыласын да 3:0 есебімен ойсырата жеңген еді. Ал өз алаңындағы бұл сайыста олар мүмкін болған 15 ұпайды толық иеленіп, турнир кестесінде 1-орын алған болатын. Онда хромтаулықтар мен өскемендіктер — 9, атыраулықтар мен қызылжарлықтар — 6 ұпайдан жинаса, оралдықтардың қоржыны бос қайтқан. Олар 2-турда да алғашқы 3 ойында бірде-бір ұпайға қол жеткізе алмады.