Олжас Бектенов Қазақстан премьер-министрі болып қайта тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.77
  • 541.36
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олжас Бектенов Қазақстан премьер-министрі болып қайта тағайындалды

Олжас Бектенов Қазақстан премьер-министрі болып қайта тағайындалды

Қазақстан премьер-министрі тағайындалды

  • 31 Тамыз
  • 1
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Олжас Бектенов Қазақстан премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Caravan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Олжас Бектеновтің кандидатурасын Құрылтайдың қарауына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды. Дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттар Бектеновті премьер-министр лауазымына тағайындауға келісім берді.

Дауыс беруге 144 депутат қатысты. Бектеновтің кандидатурасын 137 депутат қолдады, жетеуі қалыс қалды. Ешкім қарсы дауыс берген жоқ.