Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 2-турында алматылық волейболшылар көшбасшылықты сақтап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 2-турында алматылық волейболшылар көшбасшылықты сақтап қалды

Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 2-турында алматылық волейболшылар көшбасшылықты сақтап қалды

Қызылжарда 6-11 желтоқсан күндері волейболдан ерлер арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 2-туры өтті.

  • 12 Желтоқсан 2011
  • 699
Фото - Caravan.kz

Онда барлық қарсыласынан басым түскен «Алматы» волейбол клубы 28 ұпаймен турнир кестесіндегі көшбасшылықты сақтап қалды. Бастапқы кездесулерде негізгі бәсекелестерін ойсырата ұтқан олар соңғы 2 кездесуді 3:2 есебімен аяқтап, қарсыластарымен ұпай бөлісті.

Жарыс қорытындысында 21 ұпаймен Хромтаудың «ТНК «Қазхромы» мен 16 ұпаймен Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылысы» үздік үштікте келе жатыр. Турнир кестесінің екінші жартысындағылардың қоржынында «Атырауда» — 12, жарыс қожайындарының «Есілінде» — 10, ал Оралдың «Конденсатында» — 3 ұпай бар. Ел чемпионатының 3-тур ойындары енді 12-17 қаңтарда Өскеменде жалғасады.