Онда барлық кездесуде айқын басымдықпен жеңіске жеткен қостанайлықтар 33 ұпаймен турнир кестесіндегі көшбасшылық тізгінді өз қолына толық алды. Бұған дейін 13-18 қарашада Оралда өткен 1-турда олар Теміртаудың «Спартак АМТ» командасымен бірдей ұпай жинап (18 ұпайдан) турнир кестесінде қатар орын тепкен болатын. Бұл жолы теміртаулықтарды 3:0 есебімен ойсырай ұтқан қостанайлықтар басты қарсыласынан 3 ұпайға ұзап кетті. Үштік үштікті түйіндеген Оралдың «Грация-KZ» командасының қоржынында 23 ұпай бар. Олар алғашқы турда қарсыластарынан 3 ұпайға ғана артта болса, бұл жолы ара-қашықтықты 10 ұпайға дейін ұзартып алды. Одан кейінгі орында 22 ұпай жинаған Павлодардың «Қазхромы» мен 19 ұпаймен Алматының «Алматиночкасы» келе жатыр. 1-турда Қарағанды облысының «Қарағанды-2» командасымен бірге 11 ұпайдан жинаған «Алматиночка» бұл жолы турнир кестесінде 1 саты көтеріліп, алғашқы бестіктің қатарына қосыла алды. Ал елорданың «Астана-2» (16 ұпай), Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс»(11 ұпай), Алматының «ҚазЭУ» (11 ұпай) мен «ЦСКА-ВКС» (8 ұпай), Шымкенттің «Қазығұрт» (5 ұпай), Алматы облысының «Жетісу-2» (1 ұпай) командалары 7-12 орныды өзара бөлісті.