«Құрылықтық кубок – халықаралық сериядағы «А» санатындағы жарыс. Маусымда 15 кезең өтеді. Алматы екінші кезеңін қабылдап отыр», — делінген дүйсенбі күні таратылған әкімшілік хабарында.
Бұл құрылықтық кубокта Олимпиадаға, әлем чемпионатына және әлем кубогына жолдама беретін ұпайлар ойнатылады.
Қазіргі жарыстарға атақты шаңғышылар: норвегиялық Андрес Фанемаль, немістің секірушісі Георг Шпет,словакиялық Примош Пикль, поляк Томаш Быртт.б. қатысады.
Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, құрылықтық кубокқа 12 елден спортышлар қатысады. Олар Норвегия, Германия, Австрия, Словения, Чехия, Польша, Швеция, Финляндия, Болгария, Украина, Ресей және Қазақстан.
Алматы әкімі Ахметжан Есімов жарысты 13 желтоқсанда 17:30 сағатта ашады деп күтілуде. 14 желтоқсанда жарыстың басталуы 15 сағатта. Келем деушілерге — есік ашық.