12 желтоқсанда Астанада өткен бұл дүбірлі додаға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Белорус және Украинаның ең үздік тастаяқшылары қатысқан болатын. Онда қазақстандықтардың мерейі үстем болды. Атап айтқанда семейлік Әуез Елубаев, алматылық Ернар Шымбаев пен Эмиль Мударисов, қарағандылық Әлібек Омаров, алматылық Арби Муциев 2-6 орынды өзара бөлісті. Қонақтардан ресейлік Юрий Пащинский, Илья Киричков, Андрей Фрейзе мен Никита Ливада 7-10, Евгений Сталев 15-ші, қырғыстандық Қаныбек Сағынбаев 11-ші, белорус Евгений Курта 12-ші, Ярослав Винокур, Александр Паламарь 13-14, Александр Тарновецкий 16-шы орынға табан тіреді.