Қайрат Нұрдәулетов «Астана» футбол клубының 2011 жылғы үздік қорғаушысы деп танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Нұрдәулетов «Астана» футбол клубының 2011 жылғы үздік қорғаушысы деп танылды

Қайрат Нұрдәулетов «Астана» футбол клубының 2011 жылғы үздік қорғаушысы деп танылды

«Астана» футбол клубының сайтында жүргізілген дауыс беру нәтижесінде Қайрат Нұрдәулетов 2010/2011 жылғы маусымдағы ең үздік қорғаушы деп танылды.

  • 20 Желтоқсан 2011
  • 433
Фото - Caravan.kz

Оған жанкүйерлердің 28,88 пайызы дауыс берген.

Қайрат Премьер-лигадағы ел чемпионаты мен ұлттық құрама сапында Еуропа чемпионатының іріктеу сайыстарында да орнықты ойын өрнегімен көзге түскен болатын. Аяқдоп спортының жанкүйерлері астаналық команданың өзге қорғаушыларынан Михайл Рожковқа 27,95 пайыз, Максим Жалмағамбетовке 23,12 пайыз, Марк Гурманға 9,03 пайыз, Пиралы Алиевке 8.61 пайыз дауыс берген.