Шайбалы хоккейден ҚР жастарының ерлер командасы Польшада өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шайбалы хоккейден ҚР жастарының ерлер командасы Польшада өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Шайбалы хоккейден ҚР жастарының ерлер командасы Польшада өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Шайбалы хоккейден ҚР жастарының ерлер командасы Польшаның Тыхы қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, делінген қазақ хоккей федерациясының хабарында.

  • 21 Желтоқсан 2011
  • 563
Фото - Caravan.kz

«Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасының ерлер командасы (division I — group B)желтоқсанның 12-18-і аралығында Тыхы қаласында (Польша) өткен әлем чемпионатында күміс медальдар жеңіп алды», — делінген сейсенбі күні таратылған хабарда.

Федерация мәліметтерінше, қазақстандықтар турнирдегі матчтарда келесідей нәтиже көрсетті: Жапония — Қазақстан — 1:2, Қазақстан — Польша – 2:0, Қазақстан- Хорватия – 4:3, Қазақстан- Франция – 1:2, Италия — Қазақстан0:1 (буллиттен). Осылайша Қазақстан құрамасы ӘЧ-да 10 ұпаймен 9 шайба салып, 7 шайба жіберіп екінші орын алды.

2012 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында «А» тобында ойнау құқығын Тыхыдағы 2011 жылғы ӘЧ жеңімпазы ретінде Францияның командасы жеңіп алды.

Хабарда айтылғандай, чемпионатқа қатысушы командалардың бапкерлері, сондай-ақ халықаралық хоккей федерациясының директоратының шешімімен Қазақстан құрамасының 19 жасар голкипері Павел Полуэктов әлем чемпионатының ең үздік хоккейшісі деп танылған.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера