БҚО ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай волейболдан турнир өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай волейболдан турнир өткізілді

БҚО ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай волейболдан турнир өткізілді

Теректі ауданының Подстепный ауылында ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай волейболдан турнир өткізілді.

  • 21 Желтоқсан 2011
  • 491
Фото - Caravan.kz

Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Арман Өтеғұлов, Орал қаласындағы «Исатай-Махамбет» қорының директоры Темірхан Елеубаев сөз сөйлеп, салауатты өмір салтын орнықтыруда, қалың бұқараны спортқа тартуда мұндай турнирлерді ұйымдастырудың маңызы зор екендігіне тоқталды.

Турнирге Теректі ауданы ауылдық округтерінен, Бөрлі, Шыңғырлау аудандарынан және Орал қаласынан барлығы 21 команда қатысып, үш топқа бөлініп сынға түсті. Аса тартысты өткен сайыс қорытындысында Бөрлі ауданы өкілдері жеңімпаз атанса, «Исатай-Махамбет» қорының командасы — екінші, Подстепный ауылдық округі волейболшылары үшінші орынға ие болды. Олардың барлығы, сондай-ақ жекелеген үздік ойыншылар ақшалай, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера