көшбасшылық тізгінді ешкімге берер емес. 1-турда 2-3 орын алған Павлодар облысының «Ертіс-Қазхром» мен Астана қаласының «Астана» командалары бұл жолы да 1:3 және 0:3 есебімен жеңіліс тапты. Жетісулықтар бүгін енді турнир кестесінде 4-орын алған «Алматы» волейболшыларымен шеберлік сынасады. Алматылықтар 1-турда қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберген болатын.
«Темір дос» спорт кешенінде 18-желтоқсан күні басталған бұл сайыс 25-і күні өз мәресіне жетеді. Алғашқы турда «Жетісу» — 18, «Ертіс-Қазхром» — 15, «Астана» — 12, «Алматы» — 7, ал Қарағанды облысының «Қарағанды» командасы 6 ұпай жинаған болатын. Өскемен қаласының «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» пен Теміртау қаласының «Металлург АМТ» өз қоржындарында біріншісінде — 3, екіншісінде 2 ұпай ғана түсті. Бұл жолы алғашқы 3 кездесудің қорытындысы бойынша жетісулықтар, астаналықтар және қарағандылықтар — 6, алматылықтар мен өскемендіктер — 3, павлодарлықтар — 2, теміртаулықтар 1 ұпай қосты.