Батысқазақстандық самбошы халықаралық турнирден жүлдемен оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық самбошы халықаралық турнирден жүлдемен оралды

Батысқазақстандық самбошы халықаралық турнирден жүлдемен оралды

Батысқазақстандық самбошы Бағдат Жарылғасов Ресейдің Армавир қаласында екі дүркін әлем және Еуропа чемпионы Ашот Маркарянның жүлдесі үшін самбо күресінен өткен халықаралық турнирден жүлдемен оралды.

  • 27 Желтоқсан 2011
  • 552
Фото - Caravan.kz

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағанындай, турнирге Украина, Беларусь, Қазақстан және Ресейдің 15 командасынан барлығы 270-тен астам спортшы қатысқан.

Қазақстан құрамасы сапында 62 келіде сынға түскен Бағдат қола жүлдеге қол жеткізді. Ол жартылай финалда әлем кубогінің иегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ресейлік Аслан Мудрановқа есе жіберді.

Бағдат Жарылғасовты Райымбек Меңдіғалиев, Қазбек Ибрашев сынды бапкерлер жаттықтырып келеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера