«Астаналықтардан» қорғаушы Дамир Даутов бұған дейін 1, ал шабуылшы Денис Прокопенко Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде 2 ойынға қатысқан болатын. Енді олардың қатарына 19 жасқа дейінгі жастар құрамасында өнер көрсетіп үлгерген қақпашы Денис Овсянников пен биылғы маусымда «Оқжетпес» сапында бірінші лигадағы ең жас ойыншы атанған, жартылай қорғаушы Исламбек Қуат қосылып отыр. Олардың өзге командалас серіктері Премьер-лигадағы 21-Қазақстан чемпионаты қарсаңындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын 7-21 қаңтарда Түркияның Анталия қаласында өткізбек. Сол себепті Д. Даутов, Д. Прокопенко, Д. Овсянников және И. Қуат «Астана» футбол клубының Түркияда жоспарланып отырған келесі 2 оқу-жаттығу жиынында ғана қатарға қосылмақ.