Қазақстандық теннисшілер Брисбендегі халықаралық теннис турниріне қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисшілер Брисбендегі халықаралық теннис турниріне қатысуда

Қазақстандық теннисшілер Брисбендегі халықаралық теннис турниріне қатысуда

Австралияның Брисбен қаласында 1 қаңтарда теннистен жүлде қоры 655 мың АҚШ долларын құрайтын халықаралық турнир басталды.

  • 4 Қаңтар 2012
  • 458
Фото - Caravan.kz

Ол 8 қаңтарға дейін созылмақ. Бүгін онда жекелей сында қазақстандық Галина Воскобоева 1/8 финалдық сында итальяндық Франческа Скьявонемен кездесті. Бұл сайыс 4:6, 4:6 есебімен Ф. Скьявоненің пайдасына шешілді. Кеше Г. Воскобоева ресейлік Вера Душевинаны 6:0, 6:0 есебімен ойсырата ұтқан еді. Ал Ф. Скьявоне 1-айналымда қазақстандық Ксения Первакпен кездесті. Онда бірінші кезең 4:4 есебімен аяқталғанымен, Ксения жарысты әрі қарай жалғастырудан бас тартқандықтан итальяндық спортшы турнирдің келесі кезеңіне өткен болатын. Бүгін енді Воскобоева — Хси жұбы енді Даниилида мен Херцог жұбымен 1/8 финалдық сайысын өткізеді. Галина Воскобоева мен Ивета Бенешова 2007 жылы жұптық сында 2-орын алған болатын. Олар ақтық кездесуде ғана Динара Сафина мен Катерина Среботникке 6:3, 6:4 есебімен есе жіберген еді.

Бүгін сондай-ақ, ерлер арасында жекелей сынның алғашқы айналымы басталады. Онда қазақстандық Михаил Кукушкин англиялық Энди Марреймен күш сынысады.