2004 жылы негізі қаланған Алматы облысы Қарасай ауданының бұл командасы 2009 жылға дейін «Қарасай сарбаздары» деп аталған болатын. 2010 жылы атауын «Сұңқар» деп өзгерткен олар 2007-2011 жылдары Бірінші лигада өнер көрсетіп келген болатын. 2009 жылы 4-орын алған олар, 2010 жылы қола жүлдегер атанды. Ал өткен маусымда Премьер-лигаға шығуды алдарына басты мақсат етіп қойған олар бұл міндетті де орындап шықты. 10 желтоқсанда Алматыда алғашқы оқу-жаттығу бастаған қаскелеңдік аяқдопшыларды Премьер-Лигадағы жаңа маусымға Дмитрий Огай әзірлеуде. Енді команданың Түркияда болатын шет елдегі алғашқы оқу-жаттығу жиынында бас бапкерге Асхат Қадырқұлов, Алмаз Құлшынбаев пен Константин Горовенко көмектеспек.
Жалпы Қазақстан футбол федерациясы атқару комитетінің 24 желтоқсандағы шешімімен биыл Премьер-лигадағы командалар саны 12-ден 14-ке дейін ұлғайған болатын. Олар — «Шахтер» (Қарағанды). «Жетісу» (Талдықорған), «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Астана» (Астана), «Ертіс» (Павлодар), «Ордабасы» (Шымкент), «Тобыл» (Қостанай), «Қайсар» (Қызылорда), «Тараз» (Тараз), «Атырау» (Атырау), «Сұңқар» (Қаскелең), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Қайрат» (Алматы) және «Ақжайық (Орал).