Астанадағы «Алау» мұз айдыны сарайында конькимен жүгіру спортынан үш жарыс басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы «Алау» мұз айдыны сарайында конькимен жүгіру спортынан үш жарыс басталады

Астанадағы «Алау» мұз айдыны сарайында конькимен жүгіру спортынан үш жарыс басталады

7 қаңтарда Астанадағы «Алау» мұз айдыны сарайында конькимен жүгіру спортынан үш жарыс бастау алады.

  • 5 Қаңтар 2012
  • 599
Фото - Caravan.kz

«Алау» мұз айдыны сарайы ресми сайтының мәліметіне қарағанда, онда түрлі қашықтықтар бойынша Азия чемпионаты, классикалық көпсайыс бойынша Әлем чемпионатына Азия елдері арасында өңірлік біліктілік жарысы және Азия жасөспірімдері арасындағы ISU өңірлік әлем кубогы тартыстары өтеді.

Атап айтқанда, Астанада Жапонияның, Оңтүстік Корея, Монғолия, Үндістан, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық құрамасы жаттығу жұмыстарын өткізуде.

Классикалық көпсайыс бойынша Әлем чемпионатына Азия елдері арасында өңірлік біліктілік жарысы іріктеу жарысы болып табылады. Оның жеңімпаздары биыл Мәскеуде 18-19 ақпанда өтетін классикалық көпсайыста 2012 жылғы Әлем чемпионатында Азия құрлығын таныстыратын болады. Бұның жүлдегерлері көпсайыстың ұпайы бойынша анықталады. Ерлер 500 метр, 5000, 1500 және 10 000 метр қашықтық бойынша, ал әйелдер 500 метр, 3 000, 1500, сондай-ақ 5 000 метр қашықтық бойынша тартысқа түседі. Әлем чемпионатына квоталар екі ер адамға және 4 әйел спортшыға беріледі.

Үш сайыстың ішінде өңірлік біліктілік сайысы маңызды саналады. Аталған екі квота үшін өзара деңгейлері бойынша тең қазақстандық Дмитрий Бабенко, жапондық Хироки Хирако, корейлік Сьун-Хун Ли тартысқа түседі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера