"Тур де Ски" жарысының 7-кезеңі аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тур де Ски" жарысының 7-кезеңі аяқталды

"Тур де Ски" жарысының 7-кезеңі аяқталды

Кеше Италиядағы Тоблахаде "Тур де Ски" жарысының 7-кезеңі аясында әйелдер арасында -15,

  • 6 Қаңтар 2012
  • 479
Фото - Caravan.kz

ерлер арасында 35 шақырымдық 15 шақырымдық із кесу сайысы өтті. Онда әйелдер арасында қазақстандық Елена Коломина мәре сызығын 35-боп кесіп өтті. Ол жалпы есепте де 35-орында тұр. Еленаның командаластарынан Татьяна Осипова 47-ші, Марина Матросова 49-шы, Оксана Яцкая 50-ші орынға табан тіреді.

Ерлер арасында қазақстандықтардан бұл сайысты Евгений Величко 39-шы, Николай Чеботко 41-ші, Геннадий Матвиенко 48-ші, Ердос Ахмадиев 58-ші боп аяқтады. Олар жалпы есепте де осы орындарын сақтауда.

9 кезеңнен тұратын 11 күндік бұл байрақты бәсекенің жалауы 29 желтоқсанда Германияның Оберхофесінде көтерілген болатын. Халықаралық шаңғы федерациясының қамқорлығымен дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл жарыстың авторлары — Олимпиаданың 3 дүркін чемпионы Вегард Ульванг мен Халықаралық шаңғы федерациясының Бас атқарушы директоры Юрг Каполь.