Қарағандылық аяқдопшылар Молдованың «ЦСКА-Рапид» командасын 3:1 есебімен ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық аяқдопшылар Молдованың «ЦСКА-Рапид» командасын 3:1 есебімен ұтты

Қарағандылық аяқдопшылар Молдованың «ЦСКА-Рапид» командасын 3:1 есебімен ұтты

Түркияның Сиде қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қарағандының «Шахтер» футбол командасы кеше, 8 қаңтарда Молдованың Кишинев қаласының «ЦСКа-Рапид» командасын 3:1 есебімен ұтты.

  • 10 Қаңтар 2012
  • 301
Фото - Caravan.kz


Бұл, Виктор Кумыков жаттықтыратын қарағандылықтардың жаңа маусымға әзірлік кезіндегі алғашқы жолдастық кездесуі. Өткен маусымның Қазақстан премьер-лигасында тұңғыш рет ел чемпионы атанған қарағандылықтар, аталмыш ойынның 25-інші минутында бірінші болып есеп ашты. Қорғаушы Игорь Пикалкиннің ашқан есебін 1-інші таймының аяғында шабуылшы Серік Досманбетов 2:0-ге жеткізді. Екінші таймда команда капитаны Андрей Финонченко (65-минутта) есепті одан ары ұлғайтты. 17-турдан кейін Молдова жоғарғы лигасында 11-орында келе жатқан кишиневтіктер 68-минутта ғана отандық футболшыларға 1 доппен жауап бере алды. Енді, 15 қаңтарда «Шахтер» 2-інші жолдастық кездесуін Нижний Новгородтың «Волга» командасымен өткізеді. Олар Ресей премьер-лигасында 16 команданың арасында 12-орында тұр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера