«Барыс» хоккейшілері сырт айдындағы кездесуінде есе жіберіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс» хоккейшілері сырт айдындағы кездесуінде есе жіберіп алды

«Барыс» хоккейшілері сырт айдындағы кездесуінде есе жіберіп алды

Құрлықтық хоккей лигасы аясында кеше кешқұрым өткен сырт айдындағы соңғы ойынында «Барыс» хоккейшілері ұтылып қалды.

  • 10 Қаңтар 2012
  • 402
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Омбыда өткен кездесуін астаналық «Барыс» командасы «Авангард» хоккейшілерінен 4:2 есебімен жеңілді.

Бұл кездесудің бірінші кезеңінде қос команданың әрекеттері тең түсіп, хоккейшілер есеп ашу мүмкіндігін іске асыра алмады. Ал қалған екі кезеңде айдын иелерінің оқтын-оқтын шабуылдары нәтиже беріп, осы тартысты додада басым түсті.

Турнирлік кестеге тоқталатын болсақ, бүгінде ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында 62 ұпай жинаған «Барыс» 7 орында, ал «Авангард» 63 ұпаймен 5 орында тұрақтады.

Айта кетейік, астаналық команда келесі ойынын 12 желтоқсанда өз айдынында «Сібір» командасымен өткізетін болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера