Ақтөбелік футболшылар Түркияда Украинаның "Волынь" командасымен жолдастық кездесу өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік футболшылар Түркияда Украинаның "Волынь" командасымен жолдастық кездесу өткізеді

Ақтөбелік футболшылар Түркияда Украинаның "Волынь" командасымен жолдастық кездесу өткізеді

Түркияда оқу-жаттығу жиынын өтікізіп жатқан "Ақтөбе" футбол клубы 17-қаңтарда Украинаның "Волынь" командасымен жолдастық кездесу өткізеді.

  • 10 Қаңтар 2012
  • 464
Фото - Caravan.kz

Владимир Муханов жаттықтыратын ақтөбеліктер былтыр Премьер-лигадағы Қазақстан чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын. Жаңа маусымға дайындық кезіндегі кезекті оқу-жаттығу жиынын олар 8-қаңтардан бастап Түркияда өткізіп жатыр. Ол 22-қаңтарға дейін созылмақ.

Ал Украина чемпионатының элиталық дивизионында өнер көрсететін Луцк аяқдопшылары қазір 20-турдың қорытындысы бойынша 16 команданың арасында 12-орында келе жатыр. Кеше команда басшылығы «Авангард» стадионында журналистерге жаңадан тағайындалған бас бапкер Анатолий Демьяненканы таныстырған болатын. Енді А.Демьяненко тізгінін ұстаған луцктықтар маусымаралық үзіліс кезінде ақтөбелік құрдастарымен алғашқы жолдастық кездесуін өткізбек.