Бірнеше жылдан бері «Жарас» шаруа қожалығы ұйымдастырып келе жатқан жарысқа бұл жолы Орал қаласы мен облыс аудандарынан, сондай-ақ Ақтөбеден, Ресейдің Соль-Илецк, Новотроицк қалаларынан балғын спортшылар қатысты. Екі күнге созылған турнир барысында жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінген боксшылар 16 салмақ дәрежесінде күш сынасты. Сайысқа қыздар да қатысты. Жарыста шыңғырлаулықтар ерекше өнер көрсетіп, олардан он бір боксшы финалға шықты.
Жалпы, бокс Шыңғырлауда жақсы дамыған. Мұнда қазірдің өзінде 100-ден астам жеткіншек бокстың қыр-сырына қанығуда.
Жыл сайын ауданда белгілі бокс шебері, өмірден ерте кеткен Еділ Ешекеновті еске алуға арналған халықаралық турнир де ұйымдастырылып келеді.