Бұл кездесудің бірінші кезеңінде, яғни ойынның алғашқы 20 минутында негізгі басымдық астаналық хоккейшілерде болғанымен олар шайба салу мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады. Тек екінші кезеңнің 31-ші минутында елордалық команданың капитаны Кевин Даллмэн есеп ашты. Алайда, араға екі минут салып қарсылас команданың хоккейшісі Максим Кривоножкин «Барыс» қақпашысы Виталий Еремеевтің қақпасынан саңылау тауып, есепті теңестірді. Бұдан кейінгі 7 минуттан соң «Сібір» командасы екінші шайбаны салып, ойын тағдырын шешті. Себебі, бұл тартысты доданың үшінші кезеңінде астаналықтар қаншалықты шабуыл жасағанымен «Сібір» қақпашысы Бернда Брюклердің шеберлігінің арқасында есепті теңестіре алмады.
Астаналық команда бүгінде 62 ұпаймен Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында 8 орында тұрақтады.
Айта кетейік, «Барыстың» 15 қаңтардағы «СКА» (Санк-Петербор) командасымен болатын келесі ойыны сырт айдында өтеді.