Онда турнир кестесінде көш бастап келе жатқан «Алматы» мен «ТНК «Қазхром» (Хромтау) командалары мүмкін болған 3 ұпайға қол жеткізді. Ал үздік үштікті түйіндеп тұрған алаң қожайындары («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») өздерін өкшелеп келе жатқан атыраулықтарға 2:3 есебімен есе жіберді. Соның нәтижесінде ұпай қорын алматылықтар мен хромтаулықтар өз қоржынына — 3, атыраулықтар -2, өскемендіктер 1 ұпайға ұлғайта алды. Қазір турнир кестесінде көш соңында келе жатқан қызылжарлықтардың («Есіл») — 10, оралдықтардың («Конденсат») 3 ұпайы ғана бар. Ал «Алматы» — 31, «ТНК» Қазхром» — 24, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» — 17, «Атырау» 14 ұпай жинады.