лдағы күндері Алматыда өтетін дзюдодан халықаралық турнир 140 елде көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
лдағы күндері Алматыда өтетін дзюдодан халықаралық турнир 140 елде көрсетіледі

лдағы күндері Алматыда өтетін дзюдодан халықаралық турнир 140 елде көрсетіледі

Алдағы 14-15 қаңтар күндері Алматыда дзюдодан өтетін «Әлемдік шеберлер» халықаралық турнирі әлемнің 140 елінде трансляцияланады.

  • 13 Қаңтар 2012
  • 544
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін жарыстың жеребесі тартылғаннан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Жарысқа қатысатын балуандардың арасында 9 Олимпиада чемпионы және Әлем чемпионаттарының 37 жеңімпазы бар.

«Ерлер мен әйелдер арасындағы бұл байрақты бәсеке Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Оның сәтті өтетініне үмітім мол. Олимпиада ойындары қарсаңында болатын бұл жарысқа әрбір салмақ дәрежесі бойынша дүниежүзінің ең үздік 16 балуаны қатысқалы отыр», — дейді Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер.

Оның айтуынша, 48 елдің балуаны өнер көрсететін дүбірлі дода әлемнің 140 елінде көрсетіледі. Халықаралық дзюдо федерациясы Қазақстанда спорттың бұл түрінің одан ары дами түсуіне көмек қолын созуға әзірліктерін білдірді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера