«Астана Арландары» «Лос-А­н­джелес Мотодорстан» есе қайтарды. Есеп : 4-1! - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана Арландары» «Лос-А­н­джелес Мотодорстан» есе қайтарды. Есеп : 4-1!

«Астана Арландары» «Лос-А­н­джелес Мотодорстан» есе қайтарды. Есеп : 4-1!

Кеше WSB - Бүкіләлемдік бокс сериясының «А» тобында өнер көрсетіп жатқан «Астана арландары» елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде

  • 15 Қаңтар 2012
  • 480
Фото - Caravan.kz

алтыншы кездесуін «Los Angeles Matadors» командасымен өткізіп, америкалық клубты тізе бүктірді. Естеріңізде болса, бұған дейін «Астана Арландары» былтырғы 13 қараша күні аталмыш клубпен Лос-А­н­джелесте кездесіп 2:3 есебімен ұтылып қалған еді. Есе қайтты! «Астана Арландары» 4-1 есебімен жеңіске жетті.

Боксшылардың алғашқы жұбында Данияр Тоқбаев Калифорния бокс мек­те­бінің түлегі Джоет Гонсалеспен шаршы алаңда кездесіп, жалпы есеп бойынша — 48 : 47; 47 : 48; 49 : 46 ұпайымен WSB аясында шаршы алаңға алғаш рет шыққан америкалықтың аптығын басқан болатын. Ал 61 келіде WSB аясындағы жекпе-жек­тер­де мол тәжірибе жинақтаған жерлесіміз Мерей Ақ­шалов украин боксшысы Леонид Маль­ков­ты айқын басымдылықпен ұтты.

Ал 73 келі салмақ дәрежесінде «Арландар» командасының капитаны қазақ боксының жұлдызы Қанат Сіләммен кездескен гру­зин Заал Квачатадзе жерлесіміздің күрзі соққысына шыдап тұра алмады. Америкалық клуб атынан алаңға шыққан грузин боксшысы екінші раундта-ақ техникалық нокаутқа кетіп, жұдырықтасуды жалғастырудан бас тартты. 85 келіде өзбек Рамжон Ахмедов те жақсы өнер көрсетуге тырысқан секілді еді. Алайда, америкалық клубта өнер көрсететін беларус Сергей Корнеев­тің тәжірибесі басым екені байқалды. «Арландар» сапындағы кешегі күннің жалғыз легионері — шымыр денелі өзбек бауырымыз Р. Ахмедов Сергей Корнеевке қанша пәрмен көрсеткенімен, айласын асыра алмады. Қорытынды есеп — 47:48. 46:49. 46:49. Дегенмен, бұл «Астана Арландарының» жалғыз жеңілісі болды. Бұдан кейінгі 91 келіден жоғары ең ауыр сал­мақ­тағы Руслан Мырсатаев та өз қарсыласы марокколық Мохаммед Арджауидың сағын сындырды. Қапталда отырған үш қазының екеуі жеңісті Русланға берсе, біреуі тең есеп ұсынған.

Сөйтіп, «Астана Арландары» жарады. Бұл жеңіс боксшыларымыздың ширек финалға шығуына үлкен мүмкіндік береді. Естеріңізге салсақ, бүгінгі күні «Арландар» өз тобында миландықтардан кейінгі екінші орында.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера