Ұлттық лигадағы алматылық волейболшы жігіттер 3-інші турда мүмкін болған жоғарғы 9 ұпайдың алтауын өз қоржындарына салды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық лигадағы алматылық волейболшы жігіттер 3-інші турда мүмкін болған жоғарғы 9 ұпайдың алтауын өз қоржындарына салды

Ұлттық лигадағы алматылық волейболшы жігіттер 3-інші турда мүмкін болған жоғарғы 9 ұпайдың алтауын өз қоржындарына салды

Волейболдан Өскеменде өтіп жатқан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы ХХ Қазақстан чемпионатының 3-інші туры ертең қайта жалғасады.

  • 16 Қаңтар 2012
  • 518
Фото - Caravan.kz


Алғашқы 3 күнгі ойынның қорытындысы бойынша, ұпай жинау жағынан Павлодар облысының «ТНК «Қазхром» командасы алда келе жатыр. Олар 3 кездесуде де мүмкін болған ең жоғарғы 9 ұпайға қол жеткізді. Олар бұл сында турнир кестесінде көш бастап тұрған Алматы қаласының спортшыларын ойсыра ұтты. 13 қаңтар күнгі кездесуде ұпай жоғалтқан «Алматы» волейболшылары 6 ұпай жинады. Олардан кейін «Атырау» (5 ұпай), «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (4 ұпай), «Конденсат» (3 ұпай), «Есіл» (2 ұпай) спортшылары келе жатыр. Жалпы, алғашқы 2 турда «Алматы» — 28, «ТНК»Қазхром» — 21, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) — 16, «Атырау» -12, «Есіл» (Қызылжар) -10, «Конденсат» (Орал) — 3 ұпай жинаған еді.