Астаналық футболшылар Анталияда Украинаның «Александрия» командасымен жолдастық кездесу өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық футболшылар Анталияда Украинаның «Александрия» командасымен жолдастық кездесу өткізеді

Астаналық футболшылар Анталияда Украинаның «Александрия» командасымен жолдастық кездесу өткізеді

Бүгін Түркияның Анталия қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Астана» футбол клубы Украинаның «Александрия» командасымен жолдастық кездесу өткізеді.

  • 16 Қаңтар 2012
  • 449
Фото - Caravan.kz


Бұған дейін бұл ойын Ресейдің Новосібір қаласының («Сібір») аяқопшыларымен өтеді деп жоспарланған еді. Ресейдің Ұлттық футбол лигасында алғашқы 2 айналымның қорытындысы бойынша 5-інші орында келе жатқан «Сібір» бүгін Қостанайдың «Тобылымен» кездесуі мүмкін. 4 қаңтардан бері Түркияның Сиде қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Новосібір аяқопшылары ертең соңғы жаттығуларын өткізбек. Ал Олег Протасов жаттықтыратын астаналықтардың екінші жолдастық кездесуі 20 қаңтарда Молдованың Кишинев қаласының «ЦСКА-Рапид» командасымен өтпек. Жоғарғы лигада өнер көрсететін кишиневтіктер қазір өз елінің чемпионатында 11-інші орында келе жатыр. Бұл олардың биылғы маусымда қазақстандықтармен өткізетін 3-інші кездесуі болмақ. Бұған дейін олар алдымен Қарағандының «Шахтерімен» күш сынасқан еді. Енді бүгін астаналықтармен, 18 қаңтарда тараздықтармен кездеспек.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера