Австриядағы жасөспірімдердің І Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 15-інші орында келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Австриядағы жасөспірімдердің І Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 15-інші орында келеді

Австриядағы жасөспірімдердің І Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 15-інші орында келеді

Бүгін Австрияның Инсбруг қаласында өтіп жатқан жасөспірімдердің І Қысқы Олимпиада ойындары аясында спорттың 4 түрі бойынша медальдардың 8 топтамасы сарапқа түсіп жатыр.

  • 16 Қаңтар 2012
  • 437
Фото - Caravan.kz

Алғашқы 2 күннің қорытындысы бойынша, 70 елдің 19-ы ғана өз қоржындарына алғашқы медальдарды сала алды. Бұл тізімді 2 алтын, 1 күміс, 12 қола жүлдемен Германия бастап тұр. Екінші орынды 2 алтын және 1 күміспен Қытай спортшылары иеленсе, үздік үштікті түйіндеген Жапонияның қоржынында 2 алтын, 4 қола бар.

Бұрынғы кеңестік республикалар арасында әрқайсысы бір-бір күміс олжалаған Қазақстан, Беларус, Латвия және Эстония елдері 15-інші орынды өзара бөлісіп тұр. Оларды жалғыз қола иеленген Андорра, Нидерланды, Ресей құрамалары өкшелеп келеді. 13-22 қаңтар аралығында өтетін бұл дүбірлі додада медальдардың жалпы 63 жиынтығы ойнатылады. Оның алтауы 14 қаңтар күні сарапқа салынып, олар өз иелерін тапты. Онда француз тау шаңғышысы Эстель Альфан жасөспрімдердің І Қысқы Олимпиадасының тұңғыш чемпионы атанды. Эсталь супергигантта 1 минут 5,78 секунд уақыт көрсеткішімен үздік шыққан еді. Ал қазақстандықтар арасынан алғашқы жүлдені биатлоншы Галина Вишневская иеленді. 15 қаңтарда спортың бұл түрінен медальдардың 2 жиынтығы өз иелерін тапты. Атап айтқанда, 6 шақырымдық жарыста неміс қызы Франциска Преусстың бағы жанды. Ал қазақстандық Г. Вишневская — күміс, ресейлік Ульяна Кайшева — қола жүлдегер атанды.