«Астана» мен «Александрия» командалары арасындағы жолдастық кездесу 2:3 есебімен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» мен «Александрия» командалары арасындағы жолдастық кездесу 2:3 есебімен аяқталды

«Астана» мен «Александрия» командалары арасындағы жолдастық кездесу 2:3 есебімен аяқталды

Кеше Анталияда оқу- жаттығу жиынын өткізіп жатқан астаналықтар александриялық аяқдопшылармен жолдастық кездесу өткізді.

  • 17 Қаңтар 2012
  • 396
Фото - Caravan.kz

Онда Олег Протасов жаттықтыратын астаналықтар Украина Премьер-лигасындағы құрдастарына 2:3 есебімен есе жіберді. Ойындағы есепті украиндықтар ашқан болатын, оны Сергей Остапенко теңестірген еді. 1-таймның аяғында украиндықтар тағы да алға шықты. Ойынның екінші жартысында астаналықтардың тағы бір жаңа ойыншысы Душан Петрониевич есепте қайта теңестірді. Алайда 75-ші минутта украиндықтар үшінші рет алға шығып, қазақстандықтар қанша тырысқанымен кездесудің соңғы 15 минутында таблодағы есепті өзгерте алмады.

Астаналықтардың келесі ойынын 20-қаңтарда Молдованың Жоғары лигасында өнер көрсететін Кишинев қаласының «Цска-Рапид» командасымен өткізбек. Бас бапкер О. Протасов астаналықтардың жаңа маусымдағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын 7-қаңтарда бастаған болатын. Ол енді 21-қаңтарда өз мәресіне жетпек. Одан кейін астаналықтар аздаған үзілістен кейін мұнда тағы 2 жиындарын өткізуді жоспарлап отыр.