Қазақстан Лондон олимпиадасының тағы үш жолдамасын еншіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 464.77
  • 541.36
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Лондон олимпиадасының тағы үш жолдамасын еншіледі

Қазақстан Лондон олимпиадасының тағы үш жолдамасын еншіледі

Соңғы бес күнде Қазақстан қоржынына Лондон олимпиадасының үш жолдамасы келіп түсті.

  • 17 Қаңтар 2012
  • 330
Фото - Caravan.kz

Бұл лицензияларды бізге гимнистика шеберлері мен мергендеріміз сыйлады.

«Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметіне қарағанда, Лондонда аяқталған спорттық гимнастикадан олимпиадалық сынақ сынында Мөлдір Әзімбай мен Степан Горбачов лицензияға қол жеткізді.

Ал Катардың Доха қаласында өтіп жатқан нысана көздеу Азия чемпионатында Анжелина Мишук стенд атудан қола жүлдеге ие болып, олимпиада жолдамасын қалтасына басты.