Алматылық футболшылар екінші жолдастық кездесуін өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық футболшылар екінші жолдастық кездесуін өткізді

Алматылық футболшылар екінші жолдастық кездесуін өткізді

Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан "Қайрат" футбол клубы бүгін «Goal Management Group» футбол агенттігінің аяқдопшыларымен жолдастық кездесу өткізді.

  • 17 Қаңтар 2012
  • 413
Фото - Caravan.kz


Алматылықтар Дмитрий Огайдың бас бапкерлігімен қарсыласын 2:0 есебімен ұтты. Онда Неманья Йованович пен Кристос Бланкс мергендігімен көзге түсті. Бұл «Қайраттың» 2-ші жолдастық кездесуі болып отыр. Олар бұған дейін 13 қаңтарда Түркияның 3-дивизионында өнер көрсететін Ризе қаласының «Пазарспор» командасына 2:3 есебімен есе жіберген еді. Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің шешімімен жаңа маусымда қайтадан Премьер-лигада өнер көрсетуге мүмкіндік алматылықтар енді 20-қаңтарда тағы бір жолдастық кездесу өткізбек. Алайда қарсыластың кім болатыны әзірге белгісіз боп отыр.