Алматылық волейболшы жігіттер Ұлттық лигада қарсылас шақ келтірмеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық волейболшы жігіттер Ұлттық лигада қарсылас шақ келтірмеуде

Алматылық волейболшы жігіттер Ұлттық лигада қарсылас шақ келтірмеуде

Алматылық волейболшы жігіттер Ұлттық лигадағы ХХ Қазақстан чемпионатының 3-турында да көшбасшылық тізгінді ешкімге ұстатпады.

  • 18 Қаңтар 2012
  • 345
Фото - Caravan.kz

12-17 қаңтар күндері өткен бұл сында олар қоржындарындағы ұпай қорын 40-қа дейін жеткізді. Олардың өзге қарсыластарынан хромтаулықтар («ТНК»Қазхром») — 7, өскемендіктер («Шығыс-Қорғасын Құрылыс») — 15, атыраулықтар — 23, оралдықтар (Конденсат») мен қызылжарлықтар («Есіл») — 30 ұпайға артта қалып қойды. Бұған дейінгі 2 тур Алматы мен Қызылжарда қалаларында өткен еді. Онда «Алматы» — 28 (1-турда 13), «ТНК»Қазхром» — 21 (12), Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» — 16 (7), «Атырау» — 12 (6), «Есіл» — 10 (4), «Конденсат» — 3 (3) ұпай ғана жинаған болатын. Енді 4-тур 6-13 ақпанда Оралда, 5-тур 5-12 наурызда — Атырауда, ал 6-тур 5-13 сәуірде Хромтауда болады.